Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) 2022 жылы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстанда туған жауынгер Жәнібек Әлімханұлы келесі жылы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады, ол өзін 2022 жылы көрсетеді. Ол – 160 фунтта әлем үздігі», – деп жазды Арум Твиттерде.

Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle