Бүкіләлемдік бокс ұйымы Қанат Исламнан (28-0, 22 КО) WBO International белбеуін қайтарып алған болатын.

Алдын ала мәліметтер бойынша орта салмақта чемпиондық белбеуге қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов үміткер атанған.

Белбеудің келесі иесін анықтау үшін бокс ұйымы 15 қаңтарда жекпе-жек өткізбекші. Кездесуде отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) пен ресейлік боксшы Андрей Сироткин (19-1-1, 17 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек Ақтау қаласында өтеді.