Қазақстандық каратеші Софья Берульцева Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол финалда жапониялық Юдзуки Саваимен кездесті. Қос қарсылас арасындағы кездесу өте тартысты өтті.

Нәтижесінде, отандасымыз қарсыласына жол беріп, құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдесіне ие болды.

Айта кетерлігі, осыған дейін Андрей Актауов пен Мөлдір Жаңбырбай Азия чемпионатында алтынға қол жеткізген болатын.