Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Шахтер» ойыншылары Оралхан Өміртаев пен Геворг Наджарян клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кеншілердің» басшылығы клуб түлектерімен келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Шабуылшы Оралхан Өміртаев ҚПЛ-ның соңғы маусымында 5 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Жартылай қорғаушы Геворг Наджарянның еншісінде 19 матчта 1 гол бар.