«Астананың» капитаны елордалық клуб сапындағы ойынын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт екі жыл мерзімге жасалды.

Абзал клуб сапында барлығы 338 матч өткізіп, 14 гол cоғып және 24 нәтижелі пас берді.

2021 жылғы маусымда ол команда үшін барлық турнирлерде 34 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пастың авторы атанды.