«Атырау» футбол клубының спорт директоры қызметіне Денис Родионов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.⠀Денис Родионов – Атырау футбол мектебінің түлегі. «Атырау» командасында 146 матчқа қатысып, 15 гол соққан. Ол сондай-ақ Қазақстан құрамасында 13 ойын өткізіп, бір гол соққан.

Денис Родионов футбол мансабын аяқтағаннан кейін «Атырау» футбол орталығында жаттықтырушы және «Атырау-Ж» бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеді.⠀