Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Астанамен» келісімшарт мерзімін ұратты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа келісімшарт үш маусымға есептелген.

Исламбек – «Астананың» түлегі. Негізгі команда сапында 58 матчқа қатысып, 4 гол соққан және 5 нәтижелі пас берген.