Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) қарсы жекпе-жегіне промоутерлік сауда тағайындау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы қазақстандық промоутерлік сауда туралы жаңалықты репост жасап, Twitter-де «Оңай жұмыс» деп қысқаша жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, Андраде - Әлімханұлы жекпе-жегінің промоутерлік саудасы 15 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де өтеді деп жоспарланған.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly