Беларусь қорғаушысы Денис Поляков «Қайраттан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі tribuna.com сайтына сілтеме жасап.

Танымал беларусьтік журналист Владислав Татур Telegram-каналында былай деп жазды: «Рас. Келісімшарт аяқталды. Қорғаушы жаңа нұсқалар қарап жатыр».

Өткен маусымда Поляков Қазақстан чемпионатында 22 матч өткізіп, екі гол соққан.