Metaratings.ru мәліметінше, Мәскеу облысының «Химки» клубы «Тобыл» мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игор Сергеевпен келіссөз жүргізіп жатыр.

Ташкенттік «Пахтакордың» түлегі «Тобыл» сапына 2021 жылы жазда ауысқан. Қостанайлық клуб сапында Сергеев 26 ойын өткізіп, 11 гол соққан. Оның алдында футболшы қытайлық «Бейцзин Гоань», БАӘ-нің «Аль Дафру» және қазақстандық «АҚтөбе» сапында ойнаған.

Trasfermarkt порталының мәліметінше, Сергеевтің трансферлік құны - 1,7 млн. евро.