Әлемнің алтыншы ракеткасы Рафаэль Надаль коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, өткен аптада испандық теннисші Абу-Дабиде өткен көрме турниріне қатысып, үшінші орын үшін өткен кездесуде Денис Шаповаловтан жеңіліп қалған болатын.

«Испанияға Абу-Дабиден оралған кезде мен коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Кувейтте де, Абу-Дабиде де біз екі күн сайын бақылау тексерулерінен өттік. Олардың барлығы теріс нәтиже көрсеткен. Соңғысы жұмада өтті», - деп жазды Надаль Instagram парақшасында.