Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, Премьер-лиганың дебютанты жақын арада тағы бір жаңа ойыншымен келісімшартқа отырады.

«Ақсу» сапына тәжірибелі жартылай қорғаушы Дәурен Қайралиев ауысып келеді. 29 жастағы ойыншы осыған дейінгі бес маусымды туған қаласының командасында ойнады. «Атыраумен» келісімшарт мерзімі аяқталып, еркін агент атанды, қос тарап жаңа келісімшарат жасасқан жоқ.

Prosports.kz сайтының Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі Transfermarkt.ru порталының мәліметінше, Қайралиевтің трансферлік құны 125 мың еуро.