Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0) BoxRec рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Иван Дычко Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде ресейлік Александр Устиновпен кездесті. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін отандасымыз BoxRec рейтингісінде 77-орыннан 43-орынға көтерілді.
Комментарии