Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Александр Варакин 100 метрге еркін стильде әдісімен жүзуден өнер көрсетіп, өз тобында бірінші орын алды. Оның көрсеткіші - 50,52 секунд.

Іріктеу кезеңнің қорытынды хаттамасында Варакин 61-орынға тұрақтады. Алайда бұл көрсеткіші жартылай финалға өтуге жеткіліксіз болды.