Мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 18-турындағы ойында «Кадиспен» (0:0) тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтік клуб осылайша барлық турнирлердегі қатарынан он жеңіс сериясын үзді.

Карло Анчелоттидің командасы 27 қазанда «Осасуна» командасына қарсы ойында (0:0) ұпай жоғалтқан болатын.

Келесі ойынды «Реал» 22 желтоқсанда «Атлетикке» қарсы өткізеді.