Дортмундтық «Боруссияның» бас директоры Ханс-Йоахим Ватцке «Бавариямен» қаржы айырмашылығын айтты.

«Олардың қалай ойнайтынын ескерсек, оларға жақындай алмайсыз. Айлық айырмашылығы 80 миллион еуроны құрайды. Бұл қаржыға әлемдік деңгейдегі 10 мықты футболшыны сапына қосуға болады», – дейді Ватцке.