Армения құрамасының шабуылшысы Тигран Барсегян «Астанадан» кеткен соң отанында «Алашкерт» сапында жаттығып жүр.

Ол маусым соңын дейін армениялық команданың сапында дайындалады. Биыл маусым соңында «Астанадан» кеткен ойыншы Словакияның «Слован» (Братислава) клубымен келісімшартқа отырған. еді.

Словакиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Барсегянмен келісімшарт 3 жылға жасалды. «Слован» — футболдан Словакия чемпионатының қазіргі жеңімпазы.

Айта кетейік, бұған дейін Тиран Барсегян Қазақстан чемпионатында елордалық «Астана» сапында өнер көрсетті.