Қазақстан құрамасы (U-20) хоккейден 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында A тобының бірінші дивизионында өнер көрсетуін аяқтады.

Қорытынды матчта Қазақстан Латвиядан 1:3 ұпаймен жеңіліп қалды. Осылайша, бес матчта Қазақстан құрамасы алты ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орынға орынға жайғасты.

Командалардың соңғы орны мынадай: Беларусь – 15 ұпай, Латвия – 12, Норвегия – 9, Қазақстан – 6, Дания – 3, Мажарстан – 0. А тобынан элиталық дивизионға Беларусь құрамасы өтті.

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Жастар әлем чемпионатында Мажарстан (3:1) мен Данияны (4:1) жеңіп, Норвегия (2:5), Беларусь (2:4) және Латвиядан (1:3) жеңіліп қалды.