Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев «Ақтөбе» футболшысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Батысқазақстандықтар трансферлік нарықтағы ең белсенді клубтардың бірі ретінде жартылай қорғаушының агенттерімен алдын ала келіссөздер жүргізіп үлгерді. Бұған дейін 24 жастағы Васильевтің беларусьтік «Энергетик-БМУ-дан» кеткені белгілі болған. Ол Минск клубында 2018 жылдан бері ойнады.

Өткен жазда Владислав ресейлік «Орынборға» ауысты, кейін оны «Андижан» жалға алды, бірақ қазақстандық Өзбекстан чемпионатында өзін көрсете алмады.

Футболшының өкілдері Қазақстанда, Ресейде, сондай-ақ Еуропа лигаларында белсенді түрде жаңа жұмыс орынын іздеуде.