Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайраттың» және Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Данил Устименко команда ауыстыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

2021 жылғы маусымда 21 жастағы қақпашы «Қайрат» сапында бар болғаны 5 матч өткізіп, 11 гол жіберіп алған. Чемпиондар лигасында «Црвена Звездаға» қарсы өткен сәтсіз ойыннан кейін Устименко «Қайрат-Жастарға» ауыстырылды.

Жуырда ғана тәжірибелі қақпашылар Владимир Логиновский мен Жасур Нарзиқұловпен қош айтысқан «Атырау» мен «Ақтөбе» «Қайраттың» түлегін өз қатарына қосқысы келеді.