Қазақстан жастар құрамасы IA дивизионында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында соңғы кездесуін Латвия құрамасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Қазақстандықтар сапынан жалғыз голды Николай Шульга соқты.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы бес кездесуде алты ұпай жинап, жоғарғы дивизионға шыға алмады.

Турнир барысында Қазақстан Венгрия (3:1) және Дания (4:1) құрамаларын жеңіп, Норвегия (2:5), Беларусь (2:4) және Латвия (1:3) құрамаларынан жеңілді. А тобындағы барлық матчтар Данияның Хоршольм қаласында өтті.