«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски Бундеслиганың 17-турында «Вольфсбург» қақпасына бір гол соқты. Бұл польшалық форвардтың Германия чемпионатындағы биылғы 43-голы болды. Ол турнир рекордын жаңартты, бұған дейін үздік көрсеткіш Герд Мюллерге тиесілі болған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

1972 жылы Герд Мюллер күнтізбелік бір жылда 42 гол соққан. Кеше Левандовски сол рекордты жаңартты. Футболшы «Бавария» сапында Бундеслигада 2021 жылғы соңғы матчын өткізді.

33 жастағы Левандовски осы маусымда Германия чемпионатының 17 матчында 19 гол соққан.