Алматылық «Қайраттың» футболшысы Дино Миканович карьерасын командада жалғастырмақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Клуб жалақы жүктемесін азайтып, кей ойыншыға келісімшартты бұзуды ұсынған.

Хорватиялық қорғаушы одан бас тартқан, ол карьерасын «Қайратта» жалғастырмақ. Оның командамен келісімшарты әлі бір жылға жарамды.

Бұған дейін клубтан көптеген көшбасшы кететіні хабарланған. Олардың ішінде Ғафуржан Сүйімбаев, Стас Покатилов, Камо Оганесян, Небойша Косович және басқалары бар.