Беделді Transfermarkt.com порталы «Ақсу» мен Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Мирас Тұрлыбектің трансферлік бағасын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы футболшы 150 мың еуроға қымбаттап, қазір 250 мың еуроға бағаланып отыр. Бұған дейін форвардтың нарықтағы құны 100 мың еуро болған. Осылайша Тұрлыбек бірден 150 пайыз қосты.

Өткен маусымда жас шабуылшы Қазақстан Бірінші лигасында 21 гол соғып, турнирдің үздік бомбардирі атанды. Тұрлыбек маңыздылығы жағынан екінші дивизионның үздік ойыншысы ретінде де танылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Ақсу» Бірінші лигада алтыннан алқа тағып, Қазақстан Премьер-лигасына шыққан болатын.