Жұма, 17 желтоқсан күні Франция кубогының 1/32 финалы «Париж» – «Лион» кездесуі өтті. Командалар тек бір тайм ойнай алды, матч1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лион» жанкүйерлері үзіліс кезінде жаппай төбелес шығарды. Олар қарсылас команданың жанкүйерлеріне шабуыл жасап, пиротехникалық заттар өртеген. Нәтижесінде жанкүйерлердің көпшілігі алаңға шығып кеткен.

Оқиғаға байланысты кездесудің бас төрешісі алдымен екінші таймның басын кейінге шегергенімен, жанкүйерлерді тыныштандыру мүмкін болмады. Сондықтан матчты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Матчтың қашан жалғасары әлі белгісіз.