18 желтоқсанда футзалдан Қазақстан чемпионатында 9-турдың үш кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан астанасының уақыты бойынша сағат 13:00-де «Нұр-Сұлтан» - «Каспий» (Ақтау) ойыны басталады. Бұл кездесу Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын күнінің қалған матчтарын Қазақстан футбол федерациясының арнасы көрсетеді.

16:55. «Аят» (Рудный) – «Рахмет» (Ақтөбе)

17:55. «Бәйтерек» (Орал) – «Атырау»