Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен «Интермен» келісімшартын бұзды. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.

Бұған 29 жастағы футболшының денсаулығы себеп болған. ЕУРО-2020 матчы кезінде Эриксеннің жүрегі тоқтап, кейін оған имплантты кардиовертер-дефибриллятор орнатылған еді.

А сериясының тәртібі бойынша мұндай футболшылар алаңға шыға алмайды.