Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден өнер көрсетіп, 24-ші орынға табан тіреді.

Оның көрсеткіші - 51,23 секунд. Бұған дейін Мусин 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 18-ші орын алып, Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.