Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Меруерт Ибраева (3-0) жеңіл салмақтағы OPEN FC чемпиондық белбеуін сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ибраеваның титулдық жекпе-жектегі қарсыласы ресейлік Дарья Железнякова болады (5-0).

Меруерт Ибраева екі рет мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, бір рет төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Меруерт соңғы жекпе-жегін осы жылдың қазан айында Сай Әуелбековаға қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жеткен болатын.

Фото instagram.com/open_fc_mma