16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Англия чемпионатының 17-туры аясында «Ливерпуль» – «Ньюкасл Юнайтед» және «Челси» – «Эвертон» матчы өтті, деп жазажы Prosports.kz.

«Ливерпуль» өз алаңында «Ньюкаслды» жеңді. Ал «Челси» өз алаңында қарсыласын жеңе алмады.

Осылайша, «Ливерпуль» қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізіп, 40 ұпай жинады. Турнирлік кестеде көшбасшы «Манчестер Ситиге» бір ұпайы ғана жетпей тұр. Ал «Челси» тағы ұпай жоғалтып, көш басындағы екі командадан ұпай айырмашылығын 4 ұпайға дейін ұлғайтып алды.

«Ливерпуль» (Ливерпуль) – «Ньюкасл Юнайтед» (Ньюкасл-апон-Тайн) 3:1 (2:1)Гол соққандар: 0:1 – Шелви (7), 1:1 – Жота (21), 2:1 – Салах (25), 3:1 – Александер-Арнольд (87)

«Челси» (Лондон) – «Эвертон» (Ливерпуль) 1:1 (0:0)Гол соққандар: 1:0 – Маунт (70), 1:1 – Брэнтуэйт (74)

Фото telegraph.co.uk