Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен мансабын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

25 жастағы Айбол Әбікенге «Атыраудың» жаңа директоры Әлішер Апсалямов ұсыныс жасады. Екеуі «Қайратта» бірге жұмыс істеген.

Айта кетейік, Айбол Әбікеннің өзі команда ауыстыруға қарсы емес. Өйткені ол «Қайраттың» бас бапкері Курбан Бердыев ойын үлгісіне келмейді-мыс.