Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Данияр Елеусінов бастаған чемпиондық бокс кешінің қатысушылары баспасөз жиынын өткізді.

18 желтоқсан күні олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО), азулы аргентиналық Хуан Эрнан Леалға (15-1, 4 КО) қарсы жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлемдік чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Баспасөз жиынында сөз алған Данияр Елеусінов бірінші қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 30-жылдық мерейтойымен құттықтады. Осы мерекеге орай өтетін бокс кешінде жанкүйерлер керемет шоу көруге шақырды.