Қазақстанда алғашқы тіркелу мерзімінің күні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Трансферлік терезе 10 қаңтарда ашылып, 2022 жылдың 3 сәуіріне дейін жалғасады. Өткен жылы қысқы трансферлік терезе 2021 жылдың 25 қаңтарынан 17 сәуіріне дейін бекітілген болатын. Содан кейін уақыт кестесі 15 ақпанға өзгертілді және 2021 жылдың 8 мамырына дейін жалғасты.

Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы-2021 маусымы қостанайлық «Тобылдың» жеңісімен аяқталды. «Күміс» елордалық «Астанаға» бұйыры. Үшінші орынды алматылық «Қайрат» иеленді.