20 жастағы қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зүлфиқаров Беларусьтің «Энергетик-БСУ» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командадан қорғаушы және капитан Артем Сокол, сондай-ақ жартылай қорғаушылар Дмитрий Гирс пен француз Хайк Мусаханян да кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Зүлфиқаров «Энергетик-БСУ» командасына биылғы жылдың наурыз айында қазақстандық «Қыраннан» ауысты. Ол Беларусь чемпионатында «студенттер» жейдесінде төрт кездесу өткізіп, бір гол соқты.