35 жастан асқан ойыншылар арасындағы әуесқой лига чемпионаты аясында өткен «Биосфера» - «Первый тренер» матчында төбелес болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы «Гол емес» телеграм-арнасы хабарлады.

Төбелеске Қазақстан құрамасының және ҚПЛ клубтарының бұрынғы ойыншылары Эдуард Сергиенко, Мұрат Тілешев, Александр Кислицын, Антон Чичулин, Егор Азовский және т.б. қатысты.