«Атырау» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рафаил Оспанов «Ақсуға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

«Атыраудың» 24 жастағы түлегі «Ақсуға» ауысуға келісімін берді. Оспанов өткен маусымда алаңға көбінде қосалқы құрамнан шығып өнер көрсетті. 20 ойынға қатсып, 1 гол соқты.

«Атыраудың» жаңа бапкерлік штабы Оспановты командада алып қалғысы келгенімен, ойыншы «Ақсуға» ауысқанды жөн көрді.