Темірлан Әміров ауыр жарақат алды. Бұл туралы футболшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тұранның» үздік бомбардирі тізе байламын жұлып алды. Шабуылшы демалыста қандай жағдайда жарақат алғанын ашып айтпады.

Еске сала кетейік, Әміров 2021 жылғы маусымда 24 матчта 5 гол соққан болатын. Сондай-ақ 24 жастағы шабуылшы ел кубогының бес матчына қатысқан.