Хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар Дания құрамасын 4:1 есебімен жеңді. Бірінші кезеңде есеп ашылмады, үзілістен кейін біздің хоккейшілер екі минутта екі шайба салды - Константин Морожников дубль жасады.

Кейін даниялықтар есеп айырмасын қысқарта алғанымен, Қазақстан құрамасы тағы екі гол соқты.

Біздің құрама сапында матчтың үздік ойыншысы болып Константин Морожников танылды.