Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев отандастарымызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Жас, егемен Қазақстан Республикасының құрылған күні еліміздің әр азаматының ұлттық мерекесі. Бұл күнді біз егемендік пен еркіндігімізді қорғап, жалпыхалықтық береке-бірлікті сақтап қалған халқымыздың тарихи жетістігі ретінде мақтанышпен атап өтеміз.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында болашаққа сеніммен және оптимизммен қарауға, жаңа мақсаттар қоюға, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, адамзаттың үздік, заманауи жетістіктерімен байытуға мүмкіндік беретін үлкен стратегиялық тәжірибе жинақтай алды.

Бүгінгі маңызды мерекеде Сіздерге, туғандарыңыз бен жақындарыңызға шын жүректен мықты денсаулық, бейбітшілік, істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілеймін», - деді Құлыбаев.