Дзюдодан Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды балуандардың жаттығу жиыны Түркістан облысында орналасқан "ALMA-TAU " спорт базасында өтуде. Аталған жиында еліміздің түкпір-т.кіпірінен жиналған 26 дзюдошы шеберліктерін шыңдауда.

Айта кетерлігі, жаттығу жиынына спортшылар Орал қаласында өткен 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша арнайы шақыртылған.