Желтоқсанның 15-і күні Түркияның астанасы Анкарада волейболдан әйелдер арасындағы клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Турнирге алты команда қатысады, оның ішінде 2021 жылғы клубтар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы – Өскеменнің «Алтайы» бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңде «Алтай» бразилиялық «Минас» және түркиялық «Вакифбанкпен» ойнайды.

Шығысқазақстандық команданың ойын кестесі төмендегідей (матчтардың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген):

15 желтоқсан. 18:00. Минас (Бразилия) - Алтай (Өскемен, Қазақстан)

16 желтоқсан. 18:00. Вакифбанк (Стамбул, Түркия) - Алтай (Өскемен, Қазақстан)

Әр топтан ең үздік екі команда жартылай финалға шығады (жартылай финал 18 желтоқсанда өтеді. Финал және үшінші орын үшін матч 19 желтоқсанда өтеді).