Шабуылшы Анатолий Голышев Екатеринбургтің «Автомобилистімен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ойыншы «Автомобилист» сапында сегіз жыл бойы ҚХЛ-да өнер көрсеткен. Шабуылшы команда сапында 401 кездесу өткізіп, 220 (109+111) ұпай жинаған.

Ал былтырғы мауысмда Голышев ҚХЛ-да 56 матчқа қатысып, 27 (12+15) ұпай жинады.

Айта кетейік, «Барыс» - «Автомобилист» матчы 21 желтоқсанда өтеді.