Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Кэти Тейлорға қарсы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен кейінгі алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз реванш алуды жоспарлап отырмыз. Софья Очигаваға қарсы жекпе-жек өткізуді де қарастырып жатырмыз. Фируза үлкен жекпе-жектерді қалайды. Ол үздік қарсыластармен бокстасуға лайық екенін көрсетті. Бүгінгі күні жеңіл салмақ категорияларында ең үздіктер Кэти Тейлор мен София Очигава болып табылады.

Тейлор реваншқа келіспейтіні анық, өйткені оның қауіпті екенін түсінеді. Кэтидің командасы да енді бізді жете бағаламайды.

Келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді деп ойлаймыз. Әзірге демалуды жоспарлап отырмын. Кеше ғана Ресейге оралдық. Жақында Фируза Қазақстанға оралады. Тейлор басынан соққаннан кейінгі тігістер алынып тасталса, біз келесі жекпе-жекке дайындала бастаймыз», - деді Сергей Завилейский.

Естеріңізге сала кетейік, Шәріпова – Тейлор жекпе-жегі 12 желтоқсанға қараған түні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен болатын. Тейлор төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Жеңіл салмақтағы WBC, WBA, WBO, IBF және The Ring чемпиондық белбеулері сарапқа салынды.