«СКА-Хабаровск» пен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов «Ақтөбемен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы футболшы өткен маусымда «Қайсар» сапында ойнады, қызылордалықтар сапында 25 матчқа қатысып, үш гол соққан. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша еліміздің үздік үш жас ойыншысы қатарына енген. Қызылордада Арман жалда ойнаған, келісімшарт бойынша ол ресейлік «СКА-Хабаровск» ойыншысы еді.

Кеңесов хабаровскілік клубтың басшылығымен келісімшартты үзіп, ақтөбелік клубқа ауысты. Ол «Ақтөбенің» маусымнан кейінгі алғашқы трансфері болды.