«Тобыл» бас бапкері Александр Москаленко қызметінде қалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

45 жастағы қазақстандық маман қостанайлық клубтың тізгінін былтыр жазда ұстап, командамен ел чемпионы болған еді. Маусымнан кейін ол чемпионаттың үздік бапкері атанған.

Бірақ қостанайлық клубтың басшылығы Григорий Бабаянды қайтарады немесе чехиялық маманмен келіссөз жүргізеді деген сыбыс шыққан.

Дегенмен бас бапкер ауыспайтын болды, Москаленко оқу-жаттығу жиынына, команда құрамын жаңартуға дайындалып жатыр. Ол демалыстан келген соң жаңа келісімшарт жасасады.