Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатының негізгі раундының соңғы кездесуінде Пуэрто-Рикодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дүйсенбі күні Кастеллонда өткен кездесу 30:27 есебімен Пуэрто-Рико гандболшыларының пайдасына аяқталды.

Әлем чемпионаты 2021. Әйелдер

Пуэрто-Рико – Қазақстан – 30:27 (13:11, 17:16)

Осылайша қазақстандық ойыншылар топта қатарынан үшінші жеңілісіне ұшырап, турнирдің ширек финалына шыға алмады.