Хоккейден Қазақстан жастар ұлттық құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионаты аясындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші ойында жерлестеріміз Норвегиядан 5:2 есебімен жеңілді. Қазақстан құрамасынан Алдияр Нұрлан (6-минут) мен Дінмұхамед Қайыржан (7-минут) мергендік танытты.

Қазақстанмен бірне «А» тобында Венгрия, Латвия, Беларусь, Норвегия және Дания құрамалары өнер көрсетеді.

Алғашқы ойында жерлестеріміз Венгрияны 3:1 есебімен жеңген болатын.

Қазақстан жастар құрамасы келесі кездесуін 16 желтоқсан күні Данияға қарсы өткізеді.