УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы маусымдағы Конференция лигасы 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде 16 команда бақ сынайды.

Конференция лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған сегіз команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған 8 командамен кездеседі. Мұнда бір елдің командалары өзара жолықпайды.

Жеребе қорытындысы:

«Олимпик» (Марсель, Франция) - «Карабах» (Әзербайжан);ПСВ (Эйндховен, Нидерланды) - «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль);«Фенербахче» (Түркия) - «Славия» (Прага, Чехия);«Мидтьюлланн» (Дания) - ПАОК (Грекия);«Лестер» (Англия) - «Раннерс» (Дания);«Селтик» (Шотландия) - «Буде-Глимт» (Норвегия);«Спарта» (Прага, Чехия) - «Партизан» (Сербия);«Рапид» (Вена, Австрия) - G тобының екінші командасы (кейінірек анықталады).

Айта кетейік, 1/16 финалдың матчтары 17 және 24 ақпанда өтеді.