«Алматы» хоккей клубы шабуылшы Максим Бауэрді қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы хоккей мектебінің 19 жастағы түлегі биылғы маусымды «Горняк» сапында бастады. Онда 33 ойынға қатысып, 21 (10+11) ұпай жинады.

Бұған дейін ол «Алматы» хоккей клубының жастар командасында ойнаған. 2018/2019 жылғы маусымда 33 ойында 12 ұпай (4+8), ал 2019/2020 жылғы маусымында 35 ойында 28 (14+14) ұпай жинаған.