Қазақстандық UFC файтері Мария Агапова жаттығу кезінде жеңіл жарақат алып, соған байланысты хирургтардың көмегіне мұқтаж болғанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Бүгін менің құлағымда сырғаның орнына жамау салынды. Енді бір апта бойы шлем киіп жаттығуға тура келді. Дүйсенбі күні төбелес кезінде құлағым жыртылып қалды. Біздің құлағымыз үнемі күрестен зардап шегеді.

Доктор Лучано Фишер мен медбике Джен Бассқа дер кезінде көмек көрсеткені үшін рақмет, Жақында бәрі жазылып, қалыпты өмірге қайта ораламын», - деп жазды 24 жастағы павлодарлық спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында.